«Бизнес және қоғам: дамудың замануи басымдығы» халықаралық ғылыми конференциясы

 

  

 

 Алматы қаласы                                                                               24 мамыр 2016 ж.

 

 

 Қаржы және менджменттің жоғары мектебі ұйымдастырған

«Бизнес және қоғам: дамудың замануи басымдығы» халықаралық ғылыми конференциясының қарары

«Алматы Менеджмент Университет» УО

 

Қазақстан қоғамы және бизнесінің заманауи деңгейі ұлттық экономика жүйесінің ұзақ мерзімді даму қарқынын және жаңа бағыттарды қалыптастырады. Осыған байланысты әлемдік ауқымда макроэкономикалық өзгерістер орын алады, оларға   матераилдық өндіріс және қызмет саласындағы, қаржы бөлігіндегі кейбір жағымсыз әсерлерді және үдемелі жаһандануды жатқызуға болады.  Конференцияның толық жиналысында және дөңгелек үстелдің күн тәртібінде талқылау үшін тұғырнама жасаған қоғам және бизнес дамуының жаңа басымдығын анықтаудың қажеттілігі туындайды.  

Конференцияға қатысушылар қоғам мен бизнес арасындағы серіктестік және конструктивтік ынтымақтастықтың  ішкі және сыртқы ортадағы тәуекелдің, үдемелі белгісіздіктің, жаһанданудың заманауи сын-тегеуріндер жағдайында маңызды мәнге ие болатындығын атап өтті. 

Ұзақ мерзімді басымдық пен жағдайды талқылай келе, конференцияға қатысушылар мемлекет, азаматтық қоғам және бизнес тарапынан  бірлесе күш жұмсалған жағдайда замануи сын-тегеуріндерге қатысты стратегиялық шешімді үйлестіріп, бағыттарды белгілеуге болады,  бұл қоғамдағы және экономиканадағы дағдарыстың әсерін төмендетіп, Қазақстанның жаңа экономикалық даму жағдайына жетуіне мүмкіндік береді. 

 

Конференцияға қатысушылар келесілерді атап өтті:

 

Есеп және қаржы саласында:

- ғаламдық сын-тегеуріндердің бірі исламдық қаржыландыру саласын кеңейту болып табылады, бұл Қазақстандағы ислам банкигінің дамуына нормативтік-құқықтық қолдау танытуды талап етеді;

- заманауи жағдайдағы айтарлықтай мәселе кәсіпкерлік қызметтегі жүйелік тәуекел болып табылады.  Сын-тегеуріндерге жауап ретінде ұзақ мерзімді басымдықпен бизнес саласындағы менеджмент-тәуекелді күшейту ұсынылады.

- жаһанданудың осындай сын-тегеуріндерге жауабы ретінде Қазақстан Республикасының ЕураЭО және ӘТҰ сөз сөйлеуі болды,  біріншіден бюджет саясатын оңтайландыру есебінен бюджет ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, екіншіден  кіші және орта кәсіпкерлікке қаржылық қолдау танытудың жаңа салық құралын әзірлеу ұсынылды.   

- қаржы есебінің ұлттық және халықаралық стандарттарын үйлестіру қажеттілігі өзекті болып табылады, бұл өз кезегінде осы үдерістердегі бизнестің және кәсіптік қоғамдастықтың, мемлекеттің қатысуын дамытуды талап етеді. 

 

менеджмента және кәсіпкерлік саласында:

- саладағы білім беру шаралары жүйелік және бір ізді сипатқа ие болып, бизнес-ортаға бағдарлануы тиіс, оның үстіне замануи  реалияда  оқу үдерісінде қолдануға қажетті бизнес-білім бойынша әдістемелік қамсыздандырудың жеткілікті кеңейтілген ауқымы да бар;   

-  практикалық қызметте оларды пайдалану өнімділігіне күш-жігер салумен бизнес-жоспарларды әзірлеу қажеттілігі туындады; 

- әлеуметтік кәсіпкерліктің нақты себебін анықтау және әлеуметтік кәсіпкерлер үшін тұғырнама жасау; 

- жастарды кәсіпкерлікке тартудың негізгі мәселелері бәрінен бұрын, шамадан тыс академиялық білім беру сапасына, инвестициялау және кәсіпкерлік бастаманың жағымды мысалдары туралы ақпараттардың жеткіліксіз болуына байланысты. Жастарды кәсіпкерлікке тартудың жобалары мен  бағдарламаларын іске асырған кезде дәл осы қажеттіліктерге баса назар аударылуы керек:  

- басқару шешімдерін қабылдаудағы белгісіздіктер мен тәуекелдің жоғару болуы мүмкіндіктеріне жас кәсіпкерлерді бейімдеу. Жеке мүлкімен тәуекелге барудан қорқу, жаңа кәсіпкерлікті құру кезінде төрешілдік қиындықтарға тап келу жас азаматтарды белсенді әрекеттерін оятпайды. Бүгінгі таңда жастар мемлекеттік қызмет немесе ірі бизнес саласында өзін өзі танытуға ұмтылады.    Кәсіпкерлер жастар арасында еліктеу үшін тұлға болып табылмайды. Жастар арасында кәсіпкерлік табысқа жетуден гөрі қиындықтарды жеңу деп түсініледі;    

- өндіріс салалары және жоғары оқу орындары арасындағы бірігудің  дамуы.  Білімнің, ғылымның және өндірістің бірігуі Қазақстан Республикасының Білім беруді дамыту тұжырымдамасының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.  Ғылым мен білімді елдің болашағы және даму деңгейін анықтайтын ұлттық құндылық ретінде қарастыру керек және осы бағыттағы меемлекеттік қолдау стратегиялық міндет болып табылады.    Әлемдік тәжірибеде  зерттеу уневерситеттері маңызды орынға ие болып отыр, мұнда кампус қабырғаларында дәріс оқуға арналған дәрісханалар орналасқан, студенттер теориялық материалдар да алады және зертханаларда тікелей зерттеу қызметімен айналысады.   

 

 менеджмент және туризм  маркетингі саласында:

- ішкі және сыртқы туризмді дамыту Қазақстан экономикасын дамытудың басым бағыты болуы тиіс; 

 - ҚР туристтік салада дамыту жөніндегі көптеген мәселелер шешілу сатысында, бірақ әлі шешіле қоймады. Бүгін былайша белгілеуге болады:жарнама, сауда қызметі, көлік, орналастыру, тамақтандыру, байланыспен қамтамасыз ету және т.б секілді  барлық қажетті ерекшеліктері бар туризмнің тұтас жүйесі Қазақстанда әлі жоқ;

- елдің бай тарихы туристік индустрияны қарқынды дамытуды керек етеді. Бұның бәрі де экологиялық (селолық) туризмді дамытудың маңыздылығын көрсетеді.  Дағдарысты жағдайға қараматан соңғы үш жылда кәсіпкерлер үшін дағдарысты жеңуге мүмкіндік туғызатын шынайы қажетті турөнімді құру түсінігі пайда болды; 

- саяхатшыларды тартуға рекреациялық және тарихи мүмкіндік болып табылатын Қазақстан аумағындағы «Ұлы Жібек жолы»  бөлігіне туризм баса назар аударуы керек; 

- туристік салаға арналған мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін шешу.  Студенттермен алмасу халықаралық бағдарламалары, салалық кәсіпкерлерді  оқытушылық қызметке тарту,  сонымен қатар жұмыс берушімен туристік саланың сұранымдарына сәйкес қазақстанның туристтік нарығын өз ісінің білікті шеберлерімен қамтамасыз ету секілді курстарды Элективті пәндер тізбесіне қосу; 

 

Әлеуметтік кәсіпкерлік саласында: 

   - Қазақстан инновациясы үшін жағымды орта құру және  қоғамның әлеуметтік-экономикалық базалық негізі ретінде әлеуметтік кәсіпкерлікті дәріптеу бойынша тұрғындарды қамту және ауқымын кеңейту;  

- Қазақстанда әрекет ететін әлеуметтік кәсіпорындардың бірыңғай мәліметтер базасын құру; 

- кәсіпкерлік қызмет тәуекелін көтеру, нақты қаржы дағдарысында оларды жүзеге асырудың үздік  мысалы ретінде  халықаралық практика, сипаттамаларын, анықтамаларын қоса алғанда Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың тәжірибелік қырлары бойынша кейстер және бизнес-құралдар жасау;

- ақпараттық кмпанияларды жүргізу, оның ішінде Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік туралы хабардар болуды көтеру үшін шеберлік-кластарын және көпшілік сөз сөйлеулер, сонымен қатар  кәсіпорындарды, әкімдікті,  ҒӨБ, университеттерді қоса алғанда барлық қызығушылық танытқан тараптар арасында әзірленген жарияланымдардың тұсаукесері рәсімін ұйымдастыру; 

-  әлеуметтік бейімделген коммерциялық емес ұйымдардың қызметін нақты сипаттаумен Қазақстандағы Әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы туралы тұжырымдаманы әзірлеу бойынша қазақстандық аймақтармен бірлескен шаралар атқару, оның ішінде жеке кәсіпкерлерді, коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдарды қоса алғанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу,  осындай қызмет түрлеріне арналған шектеулер мен талаптарды белгілеу, сонымен қатар  ұйымдар сүйене алатын салық жеңілдіктерін белгілеу мәселелері;   

Конференция қатысушылары шығарған қорытынды шешім университет сайтында қарар жариялау болып табылады.