Докторантура

PhD докторантурада кадрлар даярлау ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламалары базасында жүзеге асырылады.

Бұл ретте докторантураның білім беру бағдарламасының бейіні магистратура бағдарламасымен сәйкес келген жағдайда, алдыңғы білім беру деңгейінің оқыту нәтижелері автоматты түрде танылады; докторантураның білім беру бағдарламасының бейіні магистратура бағдарламасымен сәйкес келмеген жағдайда докторантқа игеру үшін пререквизиттер белгіленеді. Пререквизиттер ақылы негізде меңгеріледі.

Бейінді бағыттағы магистр PhD докторантураға түскен кезде оған пререквизиттер ретінде ғылыми-педагогикалық магистратураның педагогикалық бейінінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы қосымша белгіленеді.

Менеджменттің жоғары мектебі 8D041 Бизнес және басқару бағыты бойынша PhD докторантурасында кадрлар даярлауды жүзеге асырады:

D072 білім беру бағдарламаларының тобы Менеджмент және басқару

  • Менеджмент

D075 Маркетинг және жарнама білім беру бағдарламаларының тобы

  • Маркетинг