Жаңалықтар

April, 14

«Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығының 2-3 курс студенттері республикалық пән олимпиадасында 21 топтың ішінен 3 орынға ие болды

 

«Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығының 2-3 курс студенттері 13-14 сәуір аралығында Алматы технологиялық университетінің негізінде өткен IX Республикалық пән олимпиадасында 21 топтың ішінен 3 орынға ие болғанын зор қуанышпен хабарлаймыз. 

Сондай-ақ, 3 курс студенті Фарида Танкарова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

Олимпиада тапсырмаларына тестілеу, жобаларды презентациялау және "Rixos Almaty" қонақүйі негізінде практикалық тапсырмаларды орындау кірді.

Қатысушы топтардың ғылыми жетекшілері: «Экономика және қызмет көрсету» кафедрасының аға оқытушылары А.А.Козыбагаров пен Т.П.Кастальская.

Студенттерімізге сәттілік және жаңа биіктерден көрінуіне тілектеспіз!

 

Бөліс: