Жаңалықтар

October, 27

"KTZE – Khorgos Gateway"6в11301-Логистика ББ 2-4 курс студенттеріне арналған көшпелі сабақ

2023 жылдың 24 және 26 қазанында Менеджмент мектебімен «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ 6В11301 – Логистика БББ мамандығының 2-4 курс студенттері үшін "KTZE – Khorgos Gateway" екі күндік көшпелі сабақ ұйымдастырды, оның мақсаты көлік-логистикалық қызметпен және Құрғақ порттың нақты жұмысымен танысу болды.
«KTZE-Khorgos Gateway» Орталық Азиядағы ең ірі Құрғақ порт, 2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылған және теңіз логистикалық хабтарына бірегей балама болып табылды. 
Терминал алаңында Өндірістік департамент директоры М.Омаровтың жетекшілігімен студенттер Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы өтетін жүктерді өңдеу, сақтау және қайта тиеу саласындағы «KTZE-Khorgos Gateway» компаниясының жедел жұмыстарымен танысты.

Бөліс: