Жаңалықтар

September, 28

Kazlogistics X-мерейтойлық жастар көлік форумында кейстер шешімдері бойынша конкурста 2 орын алған логистика ББ студенттерін құттықтаймыз

21-22 қыркүйекте Kazlogistics көлікшілерінің X-Мерейтойлық жастар форумы өтті. Форумға 12 жоғары оқу орнынан 100-ден астам студент қатысты. Kazlogistics  жастар форумдары 2014 жылдан бастап Одақтың жастар саясаты шеңберінде және студенттер мен көлік саласының сарапшылары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мақсатында жыл сайын өткізіліп келеді.
Студенттер Жакупбекова Арнай, Жандарбек Аяулым, Жұманиязов Арстан және Штода Алена "Орта дәлізді дамыту үшін Қазақстанның мультимодальды тасымалдаудың Өңірлік мүмкіндіктері" тақырыбындағы кейстердің шешімдері бойынша конкурста 2-ші орынға ие болды.
Ғылыми жетекшілері - э.ғ. к., ассоц. профессор Бодаубаева Гульмира Ахановна, т.ғ. к., ассоц. профессор Увалиева Асем Болатовна.

 

Бөліс: