Жаңалықтар

March, 03

«Логистердің негізгі біліктілігі: даярлаудың сапасын арттыру жолдары мен жаңа әдістері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

3 наурыз 2017 жылы Алматы Менеджмент университетінде «Логистердің негізгі біліктілігі: даярлаудың сапасын арттыру жолдары мен жаңа әдістері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты – логистика саласында тәжірибелермен бөлісу және халықаралық стандарттар бойынша кадрларды даярлау мәселелерін талқылау. Дөңгелек үстелге Қазақ-Түрік университетінің, Халықаралық бизнес университетінің, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің (ҚазҰАУ), ҚЕжӘҚА және Жобалық логистикалық орталықтың өкілдері қатысты. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар көліктік шығындарды максималды азайту мақсатында жеткізу үрдісітерін жүзеге асыру мен тиімділігін арттыруды талқылады. Дөңгелек үстелге қатысушылар ЖОО-ын бітірушілер арасында ең бастысы мақсаты мен міндеттерін нақты анықтай алатын, көп көлемді ақпараттарды жүйелендіруге және талдауға қабілетті адамдардың (студенттердің) бағаланатындығы жөнінде тоқталып өтті. Жұмыс берушілер қазіргі таңда логистика саласында халықаралық және қалааралық тасымалдау, сату-сатып алу бойынша логист мамандар жоғары сұранысқа ие екендігін, халықаралық логистика саласының дамуына 15 жылдай уақыт өтсе де, бұл саладағы тәжірибесі бар білікті мамандардың аз болуы салдарынан жұмыс берушілерге тәжірибесі қалыптаспаған жас мамандарды жұмыспен қамтуларына тура келетіндігін атап өтті. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар анықталған мәселелердің теориялық-тәжірибелік аспектілерін қарастыра келе, оның дамуына қызығушы тараптардың күшін біріктіру керектігін басшылыққа ала отырып келесі ұсыныстарды атап өтті:

  1. Логисттердің біліктілігі мен БББ құру кезінде жұмыс беруші тараптардың талаптарын ескеру
  2. Логистиерді оқыту кезінде ақпараттық өнімдерді оқу үрдісіне енгізу
  3. Шет тілді (ағылшын, қытай) оқытуға басым назар аудару
  4. Логистика бойынша ҒЗЖ орындау кезінде жұмыс берушілерді тарту

Бөліс: