Жаңалықтар

March, 17

«Маркетингтік логистика» пәнінен 3 курс «Логистика» мамандығының студенттеріне арналған қонақ дәрісі өткізілді

 

17 наурыз 2017 жылы э.ғ.к., доцент Г.А. Бодаубаева «Маркетингтік логистика» пәнінен «Нарықты болжау» тақырыбында 3 курс «Логистика» мамандығының студенттеріне арналған қонақ дәрісін өткізді. Шақырылған қонақ – Бахадыр Ахметжанов, Mars комапниясының сұранысты болжау бойынша эксперті.

Көптеген сұрақтарды талқылау барысында, Бахадыр Ахметжанов FMCG секторындағы сұранысты болжамдау артықшылықтары, болжамдау тәсілдері мен кезеңдері туралы тоқталып өтіп, Mars, Nestle және Carlsberg тәрізді компанияларда жинақтаған тәжірибелерінен мысал келтіріп өтті.

Дәріс интерактивті форматта жүргізіліп, тәжірибелік бағыттылыққа ие болуына байланысты студенттердің арасында қызығушылықтарын тудыра алды.

Бөліс: