Поздравляем победителей II Международного турнира по маркетингу «USkills-up Marketing Battle».
"Маркетинг" білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерінің командасы "USkills-up Marketing Battle"маркетинг бойынша II Халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.
2023 жылғы 23 ақпанда Қазақстандық маркетинг қауымдастығы мен "Тұран" университеті құрған турнир аясында отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері арасында конкурс өткізілді.
Байшораева Айя, Шәріп Дания, Исмаилов Кенжебек, Дүйсенхан Медет құрамындағы "Маркетинг" білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерінің командасы I орын алды. Жеңімпаздар I дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі э.ғ. к., менеджмент мектебінің Assistant professor Сохатская Наталья Павловна.
Студенттер мен ғылыми жетекшіні жеңісімен құттықтаймыз, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!