Ұлт Көшбасшысы-Қазақстан Рнеспубликасы Бірінші Президенті Қоры арқылы ұйымдастырылған Республикалық студенттік фестиваль дебатындағы жеңіс
Ұлт Көшбасшысы-Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Қоры, Қор жаныдағы жас ғалымдар кеңесі 14 сәуірде 2016 жылы «Қазақстандағы этнос аралық толеранттылық: төзім әлде достық?» тақырыбында жарыссөз ұйымдастырылды.
Аталған шараға бүкіл Қазақстан бойынша 14-тен аса топ қатысты. Almaty Management University де өз үлесін қосты. «Келдім, көрдім, жеңдім!» - бірінші орын алған біздің университеттің Union біріккен тобы жөнінде осылайша айтуға болады.
Топ қатысушылары– «маркетинг» және «менеджмент» мамандығының 3-курс студенттері: Өмірсеріков Бахытжан, Шадрина Алина, Фаизова Алеся, Напил Кийкжан, Матайбай Назерке, Леван Гвенетадзе. Момынова Сәуле Әзімбекқызының басшылығымен біздің Альма-матерге кезекті жеңіс алып келді.