Қазақстан Республикасы Кәсіби Бухгалтерлер Палатасы директорлар кеңесінің төрағасы Алимбетов Нұрлан Орынбасарұлымен өткізілген шеберлік мектебі
2017 жылдың 26 сәуірlнде Алматы Менеджмент Университетінде Қазақстан Республикасы Кәсіби Бухгалтерлер Палатасы директорлар кеңесінің төрағасы Алимбетов Нұрлан Орынбасарұлының қатысуымен «Еңбек нарығында қалай бәсекеге қабілетті болу керек?» атты көптен күткен шеберлік мектебі өтті. Іс-шараға «Есеп және Аудит» мамандығының 3-4 курс студенттері қатысты.
Шеберлік мектебі кезінде бітіруші студенттердің практикалық дайындықтарын арттыру бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Алимбетов Нұрлан қосымша бизнес біліктілік пен кәсіби білім алудың болашақ маман үшін қаншалықты маңызды екеніне ерекше тоқталды.
Шеберлік мектебінің басты мақсаты - студенттерді CIPA және EICPA сияқты кәсіби сертификаттау әдістерімен таныстыру. Студенттер тарапынан ЖОО-да оқытылатын жекелеген пәндер бойынша өз ара есеп алуға қызығушылық туындап, сонымен қатар әрі қарай жетіспейтін пәндерді БКБ «Қазақстан Республикасы Кәсіби Бухгалтерлер Палатасында» оқу туралы сұрақтар берілді.
Сонымен қатар бітіруші курс студенттерін бірлесіп практикадан өткізуден күтілетін нәтижелер анықталды. Ең алдымен, бұл кәсіби дағдылар алу, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру, сонымен қатар мәртебелі халықаралық CIPA және EICPA сияқты кәсіби сертификаттарға ие болу.
Қазақстан Республикасы Кәсіби Бухгалтерлер Палатасы өз қызметін нарықта 15 жылдан бері табысты атқарып келе жатқанын атап кеткіміз келеді. Палата Қазақстандағы ХБФ (Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясының) жалғыз қауымдастырылған мүшесі болып саналады, сонымен қатар CIPA және EICPA сертификаттарының құқық иесі.