5В090800 – Бағалау мамандығы студенттерінің Алматы қаласы бойынша бағалау компанияларында қос білім алуы
Көктемгі семестр 5В090800 – Бағалау мамандығы 3 курс студенттері үшін 3 курс студенттері үшін қанық болды. Ағымдағы семестр бойынша оқытылатын пәндер «ҚР-ғы бағалаудың ұлттық стандарттары», «Материалды емес активтер мен зияткерлік меншікті бағалау» (оқытушы – Сауранбай С.Б.)және «Жер қойнауы мен табиғи ресурстарды бағалау» (оқытушы – Тайкулакова Г.С.) модульдік курстары шеңберінде тәжірибелік-бағытталу курстары қос білім алу форматында өтті.
Үш бағалау компаниялары, «American Appriasal» бас директоры Есжанов Е.Б., «Bata group», директоры Темиров Р.Т., «KBS business company» директоры Акатаев М.А. студенттерді тәжірибелік оқыту мен компанияның өкілдерімен бірге объектілерді бағалауды жүргізу мақсатында стажер-практиканттар ретінде қабылдады.
Студенттердің кәсіби құзіреттіліктері объектіні бағалау кезінде шешім қабылдау үрдісінде, сонымен қатар объектілердің нарықтық құдылығын экономикалық бағалау үшін қажетті есептерді орындау барысында қалыптастырылды.
13 сәуірде Center of Excellent өкілі Смагулова Б.М., кафедра меңгерушісі Тайколаков Г.С. және Колушпаева А.Т. студенттердің білім үлгерімі мен қос білім беру форматын бақылау жайында компания жетекшілерімен кездесуге барды. Жұмыс берушілер тарапынан мұндай оқыту түрі студенттерді теориялық-тәжірибелік даярлауда, олармен болашақта ынтымақтастық орнатудағы тиімділігі туралы пікірлері айтылып, университет қабырғасында оқыту кезінде теориялық базасын нығайту бойынша ұсыныстар жасалды.
2015 және 2016 жылдардағы бітіруші түлектердің осы компанияларда жұмыс істеп жатқандары, ҚР-ның лицензияланған бағалаушылары, белгілі бір жетістіктерге жеткендері туралы да мақтанышпен айта кеткен жөн (Абулхаирова М., Куралова А., Адильбеккызы А.).