Жаңалықтар

April, 07

AlmaU аға оқытушысы Д.Қ.Өмірзақова «Техникалық ғылым және технологиялар» және «Қызмет» мамандықтарының топтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің мәжілісіне қатысты

7 сәуір 2017 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы базасында «Көлік, көліктік техника және технологиялар», «Тасымалдауды, көлік эксплуатациясы мен қозғалысын ұйымдастыру», «Көліктік құрылыс» және «Логистика (салалар бойынша)» мамандықтары бойынша ЖОО-ның ОӘС мүшелерінің қатысуымен оқу-әдістемелік секциясының мәжілісі өтті. 

ОӘС жұмысы барысында Көлік, көліктік техника және технологиялар», «Тасымалдауды, көлік эксплуатациясы мен қозғалысын ұйымдастыру», «Көліктік құрылыс» және «Логистика (салалар бойынша)» мамандықтарына үш тілде білім беру бағдарламалары, ОӘБ-не кіретін ЖОО-ры арасында студенттер мен магистранттардың ішкі мобильділігін және осы ЖОО-ры арасында магистірлік іс-сапарларды ұйымдастыру бойынша мәселелер талқыланды.

«Логистика (салалар бойынша)» секциясы бойынша келесідей сұрақтар талқыланды:

  • «Логистика (салалар бойынша)» секциясының жоспарын бекіту
  • Магистранттар мен студенттердің арнайы стандарттар негізінде кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру есебінен жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелері
  •  Заманауи әдебиеттермен қамтамасыз ету (электронды басылымдар, видео-дәріс, слайд-дәрістері т.б.)
  • 5В090900 – «Логистика (салалар бойынша)» мамандықтары бойынша ОПІБ (ВОУД) пәндерін талқылау
  •  5В090900 – «Логистика (салалар бойынша)» мамандықтары бойынша ТОЖ өзгерту
  •  «Логистика» мамандықтары бойынша ЖОО-ның оқу-әдістемелік жұмыстарын координациялау мен өзара қарым-қатынасын жүзеге асыру
  • Оқу үрдісінде инновациялық технологиялар мен заманауи техникалық құралдарды қолдану тәжірибесі
  • Оқытушылардың біліктілігін арттыру курстары мен семинарларын жүргізу базасы мен тақырыптарын, педагогикалық шеберлігі мен ғылыми-әдістемелік әлеуетін жүзеге асыру т.б.

Нәтижесінде қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, оқу-әдістемелік секциясының ұсыныстары мен шешімдері қабылданды, оқулықтар мен оқу құралдары бекітіліп, жалпы қорытынды жасалды. 

Бөліс: