Жаңалықтар

April, 06

AlmaU студенті ІХ Республикалық олимпиададан 2-ші орынды иеленді

6 сәуір 2017 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы базасында «Логистика» мамандығы бойынша Қазақстанның ЖОО-ның студенттері арасында ІХ Республикалық пәндік олимпиада өтті. 

«Логистика» мамандығының 2 курс студенттері Логвиненко Марк, Подкосов Максим, Попенкова Кристина және Шиклеев Ян Almaty Management University атынан қатысты. Барлық қатысушыларға Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға белсенді қатысқандары үшін сертификаттар берілді.

Логвиненко Марк көрсеткіші жеңімпаздан 1 балл төмен болдып, 2-ші орынды иеленгені үшін Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің дипломымен марапатталды. Республикалық пәндік олимпиадаға студенттерді даярлағаны үшін ғылыми жетекшісі э.ғ.к., доцент Бодаубаева Гүлмира Аханқызына алғыс хат табысталды.

Студенттік олимпиада ЖОО-ның түлектерін даярлау сапасын арттыру мен талантты жастарды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен өткізіледі. Сайыс тапсырмаларды шешу мен тест сұрақтарынан құрасытырылған. 

Студенттердің жаңа биіктерді бағындырып, оқу үрдісінде жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз.

 

Бөліс: