2016 жылдың 10 желтоқсанында Алматы Менеджмент Университетінде «AlmaU-дың үздік есепшісі» олимпиадасына қатысушыларды ресми марапаттау рәсімі өтті.
2016 жылдың 10 желтоқсанында Алматы Менеджмент Университетінде «AlmaU-дың үздік есепшісі» олимпиадасына қатысушыларды ресми марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараның басталуы «ҚР Бухгалтерлердің Кәсіби Палатасы» директорлар кеңесінің төрағасы Алимбетов Нұрлан Орынбасарұлының сөзімен ашылды.
Байқауды ұйымдастырушылар: Алматы Менеджмент Университеті, «ҚР Бухгалтерлер кәсіби Палатасы» және Еуразиялық Көпшілік бухгалтерлер сертификациялық институты. Ұйымдастырушылардың уәдесі бойынша байқау жылда ұйымдастырылмақшы.
«AlmaU-дың үздік есепшісі» атағы үшін сайысқа 38 студент қатысты, олардың ішінен тек таңдаулылары ғана ақтық мәреге жетті.
Бұл кездесудің ең толқынысқа толы сәті жеңімпаздарды марапаттау кезі болды.
Алматы Менеджмент Университетіндегі үздіктер қатарында:
1 -орын - Лой Диана Александровна «Есеп және аудит» мамандығының 4 курс студенті;
2-орын - Молдабаева Қымбат-Санара Дүйсенғалиқызы «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенті;
3 –орын - Жұман Аяулым Елтанқызы «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенті.
Жеңімпаздарға «ҚР Бухгалтерлер кәсіби Палатасы» және Еуразиялық Көпшілік бухгалтерлер сертификациялық институты бағалы сыйлықтар тапсырып, осындай табыстарымен құттықтады:
1-орын – «Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлер палатасы» бухгалтерлердің кәсіби ұйымының мүшесі болады, «Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлер палатасы» бухгалтерлердің кәсіби ұйымы курстарының бірінде таңдауы бойынша тегін оқиды, әрі қарай жұмысқа тұруы үшін Палатаның және AlmaU-дың кепілдімелік хаты беріледі.
2-орын - «Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлер палатасы» бухгалтерлердің кәсіби ұйымының мүшесі болады, «Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлер палатасы» бухгалтерлердің кәсіби ұйымында EICPA халықаралық сертификаттау бағдарламасы бойынша «Бизнес және кәсіби этика» курсында тегін оқиды.
3 –орын – «Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлер палатасы» бухгалтерлердің кәсіби ұйымының мүшесі болады, «Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлер палатасы» бухгалтерлердің кәсіби ұйымы курстарының біріне 30% жеңілдік алуға мүмкіндік алады.
Жеңімпаздарға алдағы уақытта да табысқа жете берулеріне тілектестік білдіреміз.