«Қазақстандағы маркетинг трендтері және замануи релия» тақырыбындағы дөңгелек үстел
29 сәуірде AlmaU университетінде «Қазақстандағы маркетинг трендтері және замануи релия» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді, ол ҚМЖМ «Менеджмент, кәсіпкерлік және Маркетинг» кафедрасы арқылы ұйымдастырылды, оған табысты және әйгілі компания директорлары, Алматының жетекші ЖОО оқытушылары және студенттер қатысты. Дөңгелек үстел барысында Торгунакова В.К. («Тикетон» ЖШС Бас директоры), Пацюк А.В. («Розница» ЖШС Retail-кеңесшіы), Ахметжанов С. ( "Digital Communications" ЖШС Бас лиректоры), Джабаров В. («Агарти» интернет-маркетинг агенттігінің иесі) және Проценко Е. А. ( "Plankion PR" ЖШС Бас директоры) сөз сөйледі. Шақырылған қонақтар интернет-жарнамалардың, мобильді маркетинг, клиенттердің адалдығы туралы өзекті мәселелер туралы сө қозғап, сонымен қатар оларды дамыту жөніндегі өздерінің болжамдарымен бөлісті, жалпы аоғанда Интернеттің Қазақстан бойынша таралу қарқыны және адам өміріне әсер етуі туралы пікір таласты. Бұдан басқа да барлық тыңдаушыларға бәрінен бұрын дағдарыс жағдайында өзекті болып табылатын бюджеттік маркетинг әдісі ұсынылды. Дөңгелек үстел соңында қызығушылық танытқан мәселелерге қатысты сұрақтар қою мүмкіндігі пікірталаста студенттерге және оқытушыларға берілді, бұл маркетинг тақырыбының осы саладағы пркатикалық және өмірлік тәжірибені зерттеуге мүмкіндік туған кезде ерекше қызығушылық туғызатынын көрсетті.