"Менеджмент, Кәсіпкерлік және Маркетинг" кафедрасы

                                                               

 

«Алматы Менеджмент Университеті» КЕББМ «Менеджмент және Маркетинг» кафедрасының тарихы

 

«Менеджмент және Маркетинг» кафедрасы «Менеджмент», «Маркетинг», «Жобаларды басқару» мамандықтары халықаралық стандарттар бойынша жоғары білімді мамандарды дайындайды.

2006 жылдан 2012 жылға дейін кафедраны экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Сохатская Наталия Павловна басқарды.

2012 жылдың тамыз айынан 2014 жылдың наурыз айына дейін кафедраны басқаруды экономика ғылымдарының докторы, профессор Тулембаева Айгул Нуралиевна іске асырды.

2015 жылдың 24 маусымында «Алматы Менеджмент Университеті» КЕББМ Ғылыми Кеңесінің шешімімен «Менеджмент және кәсіпкерлік» және «Маркетинг және МІҚБ» кафедралары біріктірілді. Кафедраны басқару 2014 жылдан «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасын басқарып келген экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Залучёнова Ольга Михайловнаға жүктелді.

Қазіргі кезде кафедра өзінің қызметін кеңейтті және үш бағыт бойынша мамандықтарды дайындайды:

  • «Менеджмент»  мамандығы бойынша жетекші компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымдары үшін біліктілігі жоғары мамандарды дайындау іске асырылады;
  • «Маркетинг» мамандығы бойынша экономиканың әртүрлі салаларындағы компаниялар үшін мамандарды дайындау іске асырылады;
  • «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша халықаралық стандартқа сәйкес жобалық менеджмент саласындағы магистрлерді дайындау іске асырылады.

Кафедра дайындаған бакалавриат және магистратура түлектері біліктілігі жоғары еңбек нарығында жоғары бағаланады. Халық шаруашылығының әртүрлі салаларындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда жауапкершілікті лауазымдарды иемденеді. Кафедраның көптеген түлектері жеке табысты бизнес иелері болып табылады және Унииверситет пен кафедра өміріне белсенді түрде қатысады.

Университеттің мәліметтер базасын толықтыру мақсатында «Менеджмент», «Маркетинг» және «Жобаларды басқару» бағыттары бойынша бакалавр және магистр негізгі білім беру бағдарламаларының  барлық оқу курстарының мазмұны жыл сайын жаңартылып отырады, сонымен қатар оқу-әдістемелік материалдарды жаңарту іске асырылады.

2014-2015 оқу жылында кафедра алғаш рет барлық мамандықтардың оқыту бағдарламасына    «Кәсіпкерлік» пәнін енгізді, ол үш жыл оқуға арналған (1-3 курс) алты блоктан тұрады. Бұл пән тәжірибеде қолдануға бағытталған және бизнесте қолданылатын білім алу арқылы әрбір студентте кәсіпкерлік әлеуетті дамытуға бағытталады.

Кафедра интернет-жүйесін, қашықтан оқыту нысанын, сонымен қатар электронды оқу-әдісетемелік материалдарды тиімді пайдалана отырып Қаржы және Менеджмент Жоғары Мектебінің оқу үдерісін ұйымдастыруын жетілдіруге үлкен үлес қосады. Осының нәтижесінде студенттердің үлгерім деңгейі және аралық бақылау, емтихан сессиясын орындау жауапкершілігі едәуір жоғарылады.

Кафедраның ғылыми қызметі халық шаруашылығын басқарудағы, ұйымның маркетингтік  саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу  және оларды халықаралық және республикалық конференцияларда, семинарларда талқылау, осы зерттеу нәтижесі бойынша мақалалар, монографиялар жариялау, жобалық зерттеулер жүргізуден тұрады.

Кафедрадағы оқу жұмысы ғылыми жұмыспен бірге атқарылып, оқу үдерісін байытуға, дәріс пен семинарға проблемалық сұрақтарды, оларды шешудің әртүрлі әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.

 «Менеджмент, Кәсіпкерлік және Маркетинг» кафедрасы жұмысының стратегиялық жоспары нарықтық экономика жағдайында  іс жүзінде пайдалану мақсатында  зерттеулерді әрі қарай дамыту, сондай-ақ, кәсіпорындар және ұйымдармен  тікелей келісімшарт арқылы жұмыс жүргізуді көздейді.

            Соңғы жылдары кафедра оқытушылары Масакова С.С. және Кенжегаранова М.К. ҚР БҒМ «Болашақ» стипендиясының грант иегерлері болып, Испания және АҚШ елдерінің басқару тәжірибелерін зерттеді. Сонымен қатар, оқытушылар Германия, АҚШ, Словения, Ресей, Латвия және басқа да елдерде өздерінің біліктіліктерін жоғарылатты.

Кафедра ОПҚ студенттердің теориялық білімдерін ғылыммен біріктіру мақсатында жас оқытушылар мен студенттер үшін ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізеді. Сонымен қатар, оқытуды барынша тәжірибелік қызметке бейімдеу мақсатында әртүрлі практикумдар мен қонақ дәрістер өткізіледі.