Визалық қолдау

Шетелдік студенттер үшін

 

Бакалавриат, магистратура немесе  докторантура бойынша «Алматы Менеджмент универсиеті»  ОҰ оқуға  келетін   шетелдік студентте оқу визасы негізінде елінен шығуы тиіс.

Шетелдік азаматтарға арналған оқу визасы келесі жағдайларда беріледі:  

·        Қазақстан Республикасының орта және жоғары оқу орындарына түсу үшін Қазақстан Республикасына келетіндер немесе Білім және Ғылым Министірлігі немесе әділет органдарында тіркелген оқу орындарының жазбаша мәлімдемесі негізінде рәсімделген ҚР ІІМ визалық қолдауы болғане жағдайда орта және ЖОО оқу үшін келушілерге;   

·         Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткен халықаралық ұйымдардың, шетел мемлекеттерінің консулдық мекемелерінің,  дипломатиялық өкілдіктерінің Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген заңды тұлғалардың жазбаша мәлімдемесі негізінде тағылымдамадан, оқу тәжірибесінен өту үшін Қазақстан Республикасына келушілер үшін;

·         Білім жіне Ғылым Министрлігі немесе әділет органдарында тіркелген оқу орындарының жазбаша мәлімдемесі негізінде Қазақстан Республикасының оқу орындарына түскен және Қазақстан Республикасына уақытша келген қазақ ұлтының өкілдеріне (олардың ұлтын растайтын құжаты болған жағдайда).

Оқуға арналған санаттағы визалар (ОУВ) бір реттік, екі реттік, үш реттік және бірнеше рет кіруге және шығуға арнап беріледі.

Оқуға арналған визаның әрекет ету мерзімі:

·         Бір реттік, екі реттік және үш реттік визалар - 90 тәулікке дейін.

·         Бірнеше рет кіруге және шығуға арналған виза  - 1 жылға дейін.

“Алматы Менеджмент Университеті”  ҒОУ Алматы қаласындағы ҚР ІІМ КҚД тіркеу номерін және шақырту хатын ұсыну арқылы оқу визаларын алған кезде шетелдік студенттерге қолдау көрсетеді.   Өз кезегінде шетелдік студенттер ҚР ІІМ КҚД тіркеу номерін алу үшін келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

- студент төлқұжатының көшірмесі;

- қазақстандық виза көшірмесі (егер студент осыған дейін Қазақстанға келсе);

- “Алматы Менеджмент Университеті” және стуент арасында  жасалған келісішарт;

- 086 нысанындағы медициналық анықтама;

- орта білім туралы аттестаттың немес колледж жипломының апостилі;

- шотында ақша қаражатының болу туралы банктен көшірме (кем дегенде 3000$);

- медициналық сақтандыру;

- сотталмағандығы туралы анықтама.

2015 жылы Қазақстан Республикасында  елдің аумағына азаматтары визасыз кіретін елдің тізімі кеңейтілді.  Осындай елдердің азаматтары қатарына жататындығыңызды  тексеру үшін   Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің ресми сайтынан біле аласыз  - http://mfa.gov.kz/index.php/ru/kuku1uk14uu14

Қазақстанға келген шетелдік студенттер Алматы қаласы аумағындағы мекен жайы бойынша Көші-қон полициясы департаментінде уақытша тіркеуді рәсімдеуі тиіс, ол келесі мерзімге жасалады:

а)  5 күнге дейін төлқұжат бақылауынан өткен кезде бір шампты көші-қон картасын алған студенттер үшін;

б) 90 күнге дейін екі штампты көші-қон картасына алған студенттер үшін.

Уақытша тіркеуді рәсімдеуге қажетті құжаттар:

- төлқұжат түпнұсқасы және көшірмесі;

- көші-қон картасы;

- қолдау хат  (университет береді);

- флюорография кескіні;

- АИТВ/ЖИТС анықтама;

-  3*4 нысандағы  2 сурет;

- алыс шетелден келген студенттер 2 АЕК көлемінде мемлекеттік баж салығын төлейді;

- ұлты қазақ студенттер қосымша туу туралы құжатын ұсынады.

Қажетті құжаттар тізімі:

 «Алматы Менеджмент Университеті»  ОҰ (- бұдан әрі AlmaU) қабылдау комиссиясының қарауына құжатын ұсынатын тұлғалар 10 000 (он мың) теңге көлемінде тіркеу жарнасын төлейді. Тіркеу жарнасы қайтарылмайды.

 AlmaU қабылдау комиссиясына студенттер келесі құжаттарды тапсырады:

-        AlmaU ректоры атына өтініш (университетте);

-       лицей немесе колледжден кейінгі аттестат немесе дипломның түпнұсқасы;

-        3x4 өлшемді 6 сурет;

-         флюрография кескінімен 086-У  нысанындағы медициналық анықтама;

-         денсаулық төлқұжаты  (немесе 063 нысанындағы егу картасы);

-         білім грантын беру туралы куәлік  (құжаттарды әкелген соң оны біз береміз);

-        жеке басын куәландыратын құжат және оың көшірмесі;

-        тіркеу жарнасын төлеу туралы түбіртек (университетте);

-        тиісті нысанда   AlmaU университетіндегі оқу, оқу ережелері және тәртіпке қатысты Шарттардың талаптарымен танысқанын растайтын қол қойылған құжат (университтетте).  

Конурстық таңдауға қатысу үшін рұқсат беру және шақыру үшін білім алу мақсатында ҚР аумағына келген шет ел азаматтарры жоғарыда аталған құжаттар тізіміне қосымша келесі құжаттарды ұсынуы тиіс: 

-   оқуға кедергі келтіретін аурумер ауырмайтындығын растайтын медициналық анықтама (АИТС);

-  медициналық сақтандыру;

-   сотталғанын немесе сотталмағанын растайтын анықтама.

Шет ел тілінде ұсынылатын құжаттардың  қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған  аудармасы болуы тиіс.  

Шет елдік білім беру ұйымдары арқылы берілген білімі туралы құжаты бар тұлғалар бекітілген заңнамалық тәртіпте нострафикациялауға құжаттарының берілгені туралы анықтаманы немесе нострафикациялау туралы куәлікті AlmaU  қабылдау комиссиясына беруі тиіс.

Нострафикациялауға арналған қажетті құжаттар тізімі:

1.Нотариалды кәландырылған және қазақ немесе орыс тілдеріне аударылған төлқұжаты  және жеке басын куәландыратын құжат (Id card);

2. Нотариалды куәландырылған  қазақ немесе орыс тілдеріне аударылған аттестат қосымша парағымен;

3. Нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріне аударылған оқу орнынан мұрағаттық анықтама;

4. Мөрімен және көшірмені растайтын директордың қолы қойылған соңғы оқу орнынан алынған лицензия (көшірмесі).