Студенттік клубтар

 

Маркетологтар клубы

Міндеті және көрінісі

 Маркетологтар клубы — студенттер менеджменті және маркетингі саласындағы тәжірибелік дағдыларды дамытуға бағытталған  студенттер  клубы. Клубтың мақсаты тәлімгердің бақылауымен және басшылығымен шешім қабылдау дағдыларын дамыту және әртүрлі шараларға студенттерді қатыстыру.  Клуб мүшелері  бакалаврлар және  магистрлар бола алады. Көптеген студенттер практикадан қашық, сондықтан бұл клуб өздерінің теориялық білімдерін практикалық дағдыға айналдыру және сарапшылардан үйренуге зор мүмкіндік туғызады. Қазіргі таңда тәжірибе «қағаз біліктіліктен» маңыздырақ екені белгілі.                                                     

 

Клуб қызметі үш секцияға бөлінген:

1. Оқыту: Кәсіпқой тренерлерден тренингтер және шеберлік-кластарын алу.

2. Семинарлар: Студенттер менеджмент және маркетинг бойынша әртүрлі қызықты семинарларға қатысады, Қазақстанда қолдану ерекшеліктерін үйренеді.Мұндай  семинарлар қазақстан нарығында жұмыс жасайтын жас мамандармен жүргізіледі. 

3. Кәсіпорындарға бару: Әртүрлі қазақстандық компанияларға бару және практик-маркетологтардың тәжірибесін үйрену.

 

Студентік ғылыми клуб

Студенттік ғылыми  (бұдан әрі  – СҒК) – ортақ мақсаттарды жүзеге асыру үшін біріктірілген мектептің профессорлық-оқытушылық құрамы өкілдерінің, студенттерінің бастамасымен құрылған бірлестік. 

СҒК экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, менеджмент, маркетинг, кәсіпкерлік және білімнің басқа салаларында замануи жоғары білікті мамандарды даярлаудың маңызды дүйесін құрайтын ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттерді тарту мақсатында құрылады.  , менеджмента, маркетинга, предпринимательства и других отраслей знания.

 

СҒК қызметінің түрлері:

  • Студенттік ғылыми баяндамаларды даярлау,  олармен бірге СҒК жиналыстарында, ғылыми конференцияларда және әртүрлі деңгейдегі басқа ғылыми форумдарға қатысу;  и
  • Студенттердің ғылыми мақалаларын (тезистерін) әртүрлі деңгейдегі баспа жарияланымдары үшін дайындау;
  • Студенттерді студенттердің ғылымиы-зерттеу жұмыстар конкурстарына, пәндік олимпиадаларға, іскери ойындарға,  ғылыми және білім беру жобаларына, бағдарламаларына, тағылымдамаларға және т.б қатыстыру.

СҒК жиналысы әртүрлі ұйымдастырылған нысандарда  (пікірталас, баяндама, кейс және т.б) болуы мүмкін, алайда СҒК мүшелерін ғылыми зерттеуді жүргізу әдістерін негіздеріне, баяндама тыңдау, соңғы жиналыс өткен сәттен бастап, сол мерзімде жасалған СҒК мүшелерінің ғылыми жұмыстары нәтижелерін талқылауға, СҒК мүшелері ғылыми қызметін одан әрі жоспарлауға,   әртүрлі деңгейдегі ғылыми сипаттағы шараларға және т.б СҒК мүшелерінің қатысуын дайындауға үйрету. Жиналыс аяқталған соң СҒК жиналысының хаттамасы толтырылады. 

 

«Finance Club of ALMAU» 

2015 жылы қыркүйек айында Менеджменттің жоғары мектебі НК «Finance Club of AlmaU» құрылды. Бүгінгі таңға дейін  дейін  қаржы клубының 9 кездесуі және  1 workshop ұйымдастырылды.

Қаржы клубының мақсаты өздерінің білімдерін тыңдаушылармен және әріптестермен бірге жетілдіру және алмасуға ұмтылатын кәсіпқойларды біріктіру болып табылады. 

Клуб шеңберінде дөңгелек үстелдер,  конференциялар, қонақ дәрістері, workshop экономика және қаржы салаларының өзекті мәселелеріне арнап ұйымдастырылады

           

«ҚР зейнетақы жүйесі»  тақырыбына Workshop

  • 25 наурызда    Almaty Management University қаржы клубы «Дағдарыстағы ҚР зейнетақы жүйесі»  тақырыбында Workshop өткізілді.  БҰЗҚ, инвестициялық компаниялардың, банктердің және тәуелсіз сарапшылардың өкілдері қатарындағы спикерлер   Қазақстандағы зейнетақы реформасының мақсаты мен келешегін, сонымен  қатар  Бірыңғай Ұлттық зейнетақы қорының қазіргі жағдайын талқылады. 
  • Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы қорының жұмыс механизмі көптеген мәселелерді туғызатындығы құпия емес,  яғни БҰЗҚ өкілдері оның тиімділігін қорғап, дәлелдер келтірсе, оған қарсылық танытушы тарап болса, күмәнмен қарайды.   
  • Жанар Тулегенова, «БҰЗҚ» АҚ басқарушы директоры  бүгінгі таңдағы зейнетақы қоры қазіргі және келешектегі зейнеткерлерге лайықты кәрілікті қамтамасыз етеді деп сендіреді:   «Жинақтаушы зейнетақы қорының басты қағидаты: зейнетақы жинағы – бұл салымшының меншігі және міндетті зейнатақы жарналарының инфляция деңгейі есебімен сақталуына мемлекет кепілдік береді.  Бұл реформа лайықты зейнетақы деңгейімен қамтамасыз ететін және нарық экономикасына сәйкес қаржылық-тұрақты және балама жүйе құру мақсатына негізделген».    Спикердің негізгі дәлелі  - БҰЗҚ кірісінің инфляцияның ресми деңгейінен жоғары болуы.
  • Тағы бір БҰЗҚ өкілі, аймақтық желіні дамыту және  қолдау  департаментінің директоры Сергей Гилев жағдайға йтарлықтай оң баға береді.   Мемлекеттен бастап, салымшыларға дейін зейнетақыны жинақтау қажеттілігіне жауапкершілікпен келгендігі ғана маңызды: «Мемлекеттің, жұмыс берушінің және салымшының жауапкершілігі  бәз Германия мен Жапонияға теңдеспейміз, олар  бізбен  теңдесетін болады. Сондықтан да мен белсенді азаматтық айқындаманы қолдаймын», - деп қорытындылады спикер.
  • Дегенмен,  AlmaU іскери әкімшілік докторы Ерлан Ибрагимнің пікірінше, барлығыда қуантарлықтай жағдайда емес, себебі өткен 18 жыл ішінде (жаңа зейнетақы жүйесінің жұмыс мерзімі)   біздің жинағымыз бірнеше есе құнсызданды:  «Зейнатақы аударымдары  – бұл аса маңызды мәселе.  Егер де сіз өзіңіз үшін зейнет үшін ақша жинамасаңыз, сізге мемлекет оны тіпті қамтамасыз етпейді және сіз зейнетке шыққан кезде  лайықты өмір сүруге яғни, сапар шегу, демалыс және т.б  жететін соманы ала алмайсыз.  Мен  экономист, қаржыгер ретінде шынайы ақшалармен не болып жатқандығына бақылау жүргіздім. Мәселен,   2015 жылғы  15% (13,6% жылдық инфляция кезінде) деңгейдегі зейнетаақы активтерінің инвестициялық кірісіне қарамастан  шын мәнінде біздің жинағымыз доллар баламасына шаққанда өте құнсызданып кетті. Сондықтан бұл істе мемлекетке сүйенуге болмайды», - деп санайды  Е. Ибрагим. Спикер сондай-ақ БҰЗҚ жинақты жеке тұлғалардың депозиттері ретінде (инфляцияға сәйкес) индекстеуге ұсыныс білдірді... 

«Finance Club of AlmaU - this is the place where knowledge prevails»

  • Төраға: Бирмагамбетов Т.Б.

Байланыс телефондары: 8(727) 3132953

Мекен-жайы: Розыбакиева 227