«Экономика және Қызмет көрсету» кафедрасы

 

«Экономика және қызмет көрсету» кафедрасы Алматы Менеджмент Университетінің ұйымдық құрылымының өзгерісі нәтижесінде 2016 жылдың қыркүйегінде құрылды. Кафедрасы Жоғары менеджмент мектебінің бітіртуші бөлімшесі болып табылады.

«Экономика және қызмет көрсету» кафедрасының қызметі жалпы және арнайы пәндердің теориялық және тәжірибелік білім базасын игерген, мамандықтардың мемлекеттік білім стандарттарының кәсіби біліктілігіне сай келетін, кәсіби компетенцияларға ие бакалавр мен магистрлерді дайындауға бағытталған.

Кафедра бакалавриаттың 3 мамандығы бойынша: 5В050600 – «Экономика»,  5В090800 – «Бағалау», 5В090900 – «Логистика» және  магистратураның  екі мамандығы бойынша 6М050600 – «Экономика» и 6М090900 – «Логистика» мамандар дайындайды.

«Экономика және қызмет көрсету» кафедра бітірушілерінің кәсіби қызмет сферасына басқарушылық, кәсіпкерлік, әртүрлі жеке меншік формасындағы ұйымдар мен кәсіпорындарда коммерциялық және ғылыми-зерттеу жұмыстары жатады.