"Қаржы, Есеп және Аудит" кафедрасы

«Қаржы, есеп және аудит» кафедрасы 2002 жылы халықаралық стандарттарға сәйкес   «Қаржы және несие» , «Бухгалтерлік есеп және аудит»  осы  екі мамандық бойынша жоғарғы біліммен мамандарды дайындау мақсатында құрылған.  Кафедра меңгерушісі болып  экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Құрманғалиева Айгүл  Шарапиевна тағайындалды.

Құрманғалиева А.Ш.  аса білікті маман ретінде,  ұзақ жылдар бойы Халықаралық Бизнес Университетінің  «Қаржы және несие»  кафедрасының доценті  болып қызмет атқарған.  Ол кісінің басшылығымен кафедра  2002 жылдың қыркүйек айынан 2004 жылдың тамыз айына дейін  жұмыс істеді.

2004 жылдың қыркүйык айынан бастап 2009 жылдың тамыз айына дейін кафедраны Жақсыбергенов Асылхан Қалиевич  экономика ғылымдарының кандидаты, доцент басқарды. Ол кісі бұрын 2002 жылдан бастап сол кафедраның  доценті болып қызмет еткен.

Кафедра мамандарды дайындау бойынша 2 бағытта жұмыс атқарылды:

  • «Қаржы және несие» мамандығы бойынша келесідей мамандандыру «Банк ісі»,  «Салық және салық салу», «Қаржы менеджменті»  пәндері бойынша дайындықтар жүргізілді және банктер мен сақтандыру компаниялары және  инвестициялық қорлар үшін жоғары білікті мамандарды дайындадық. Қаржы министрлігіне, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне, Салық комитетіне, Кедендік комитетке, қаржылық бақылау комитетіне болашақ мемлекеттік қызметкерлер мен әр түрлі шаруашылық субъектілерінде қаржылық қызметті атқаратын  мамандарды даярлау жүргізілді.
  • «Бухгалтерлік есем және аудит»  мамандығы бойынша  әр түрлі шаруашылық субъектілер формасына экономист-бухгалтерлер дайындалды.

Кафедра дайындаған  бакалавр, магистр түлектері мен жоғары білікті   мамандар аса білікті еңбек нарығында жоғары бағаланады. Кәсіпорындарда, халық шаруашылығының әр түрлі салалық ұйымдарда,  банктерде және басқа да қаржылық құрылымдарда  кафедра түлектері  жоғары білікті, беделді мамандар болып,  жауапты қызметтерде  орын алып отыр.

Соңғы 3 жылда (2012-2015жж.)  2248  студенттер мемлекеттік тілде, орыс тілінде, ағылшын тілінде,  күндізгі, кешкі, қашықтықтан оқыту бөлімдерінде, сондай ақ  46 магистранттар  профильдік және ғылыми-педагогикалық бағытта оқытылды.  (1 кесте).

1 кесте. «Қаржы» мамандығы бойынша  студенттер контингентінің талдауы

Оқу жылы

Жоспар бойынша студенттер саны

Факт бойынша студенттер саны

Ауытқу(+,-)

Өсу темпі, %

2012-2013

735

789

+54

107,3

2013-2014

790

801

+11

101,3

2014-2015

664

658

- 6

99

 

2009 жылы 1 қыркүйектен бастап «Қаржы және есеп» кафедрасынан  «Есеп және аудит» кафедрасы  бөлініп шығып, ол кафедраның меңгерушісі болып  экономика ғылымдарының докторы  Ташенова Сарқыт Джалеловна тағайындалды.

Бір жылдан кейін кафедра кеңейіп, «Есеп және аудит», «Баға»  мамандықтары бойынша   студенттер жинап,  оқыту үшін  «Баға, есеп және аудит» кафедрасы болып өзгертілді. 2014-2015 оқу жылы осы құрылымдық бөлімшені  экономика ғылыдарының кандидаты, доцент  Нұрғазиева Лаура Ахмадиевна басқарды. 

2015 жылы 1 қыркүйектен бастап КЕББМ «Алматы Менеджмент Университетінде» жаңа ұйымдастыру құрылымын енгізу барысында, «Қаржы» және « Баға, есеп және аудит»  кафедраларын  қосып, бір  «Қаржы, есеп және аудит»  кафедрасы болды.  Кафедраны басқару 2009 жылдан бастап  «Қаржы» кафедрасын басқарып келген,  экономика ғылымдарының докторы, профессор Исахова Парида Бакировнаға жүктелді. Ол кісінің мамадық бойынша еңбек өтілі 27 жыл. Әрдайым өзінің кәсіби деңгейін арттырып отырады.  1995 жылы 13-31 наурыз айында  Вашингтон қаласында  Дүниежүзілік Банк ұйымдастырған, «Банк және қаржы менеджменті» бағдарламасы бойынша тағылымдама өтті.  «Болашақ» бағдарламасы аясында «UCBerkeley – IAB Bolashak Program on Excellencein Innovative Business Education» бағдарламасы бойынша Беркли Калифорния Университетінде (KAPLAN INTERNATIONAL CENTERS қарқынды ағылшын тілінде )   оның ғылыми тағылымдамасы  өтілді.  Исахова П.Б.  жыл сайын оқытушыларға арналған Business Education Teacher Academy Халықаралық жазғы сессиясында өзінің біліктілігін арттыру мақсатында қатысады.

Кафедрада «Қаржы» мамандығы бойынша 87 пән  оқытылады. Бейінді пәндерге «Қаржы»,  «Ақша, несие, банктер», «Салық және салық салу», «Банк ісі», «Корпоративтік қаржы», «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу», «Қаржы менеджменті» жатады.  Сонымен қатар, студенттерге таңдауға өзекті пәндер «Бағалы қағаздар нарығы», «Қор нарығы және биржа ісі», «Тәуекелдерді басқару», «Төлем жүйесі», «Валюталық операциялар және валюталық реттеу», «Салық менеджменті», «Салықтық бақылау», «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын қаржылық модельдеу», «Компанияның қаржылық мониторингі», «Компанияның қосылу, қайта құрылу және жұтылуы», «Исламдық қаржы» т.с.с. ұсынылады. Барлық оқытылатын пәндер бойынша ПОӘК құрастырылған.

Кафедрада «Баға», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша келесідей пәндер оқытылады:

Бакалавр бағдарламасы бойынша 39 пән. Міндетті компонент – 7 пән (орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде); бейіндік пәндер – 9  (орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде); таңдау компоненті бойынша – 23 пән (орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде).

Магистратура бағдарламасы бойынша 2 пән. Орыс тілінде ПОӘК -2, ағылшын тілінде -1 пән. Сонда магистратура  бағдарламасы бойынша 3 ПОӘК.

2014-2015 оқу жылында 255 студенттер мемлекеттік тілде, орыс тілінде, ағылшын тілінде, күндізгі және кешкі бөлімдерінде және 8 магистрант  келесідей мамандықтар бойынша оқытылды (2 кесте):

  • 5В050800 – «Есеп және аудит»;
  •  5В050900 – «Бағалау»

 

2 кесте. «Баға», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша  студенттер контингентінің талдауы

Оқу жылы

Жоспар бойынша студенттер саны

Факт бойынша студенттер саны

Ауытқу(+,-)

Өсу темпі, %

2012-2013

253

274

+21

8%

2013-2014

292

336

+44

15%

2014-2015

              270

                 255

            -15

  - 5,5%

 

Жыл сайын барлық  оқыту курстарының мазмұндары негізгі білім беру бакалавр мен магистратура бағдарламалары бойынша  қаржы және бухгалтерлік есеп және аудит бағыттары бойынша жаңартылып тұрады, сондай ақ  университеттік мәліметтерді толықтыру мақсатында оқу-әдістемелік материалдарды да жаңартып тұрады.

Қаржы және Менеджмент жоғары мектебінде оқу үрдісін ұйымдастыру мен жетілдіру мақсатында,  кафедра интернет жүйесімен қашықтықтан оқыту формасын, сонымен қатар электронды оқу-әдістемелік дайындауларды  тиімді қолдана отырып,  нәтижесінде  студенттердің үлгерімі мен емтиханды тапсыру мен  аралық бақылауды орындау жауапкершілігі  артуына  үлкен үлесін қосып жатыр.

Кафедрада оқу жұмысын ғылыми жұмыспен қиыстырып, дәріс, семинар сабақтарында өзекті проблемалық мәселелер мен оларды әр түрлі көзқараспен шешу жолдарын енгізіп,  оқу үрдісін  байытуға мүмкіндік береді. Кафедраның ғылыми қызметі қаржылық  өзекті мәселелерді дағдарыс жағдайында, бухгалтерлік есепте, шаруашылық қызметте талдау, оларды халықаралық және республикалық конференцияларда, симпозиумдарда, семинарларда талқылау және осы зерттеу жұмыстары нәтижесінде мақалаларды жариялап,  монографиялар мен мақалалар жиынтығын басып шығару болып табылады.

«Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының  болашақтағы жұмыс жоспары  зерттеу  жұмыстарының нарықтық экономика жағдайында практикалық, сондай ақ кәсіпорындармен, ұйымдардамен тікелей келісімшарт түрінде қолданылуын, әрі қарай дамуын қарастыру болып табылады.

Соңғы жылдары кафедра оқытушылары Елубаева Ж.М., Серикбаева Ж.Д., Чивазова А.З. ҚР Білім және ғылым министрлігінің атынан «Болашақ» стипендиясы мен  грант иегерлері болды. Кафедраның осы оқытушылары Leiden Университетінде (Нидерланды)  «Психология және педагогика»  бағдарламасы бойынша  тағылымдама өтті.  Кафедраның профессорлік оқытушылар құрамы студенттердің теориялық білімдерін ғылыммен ұштастыру мақсатында,  жас оқытушылар мен студенттерге ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырып отырады.  Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарына  кафедраның аға оқытушысы А. Мукушев жауапты болып табылады.

Жыл сайын «Қаржыгерлер күніне», «Бухгалтерлер күніне», «Аудиторлар күніне»  арнап,   пәндік олимпиадалар мен әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.  «Үздік топ», «Үздік куратор», «Үздік студент», «Үздік стенгазета» сияқты номинациялар бойынша әр түрлі жүлделер мен марапаттау қағаздарымен марапатталады. Кафедра ұжымы қоғамдық-тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру мен орындауда үлкен рөл атқарады.